"Қаза тапқандар бар": Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1018

Алматы – Өскемен автожолында автобус пен жүк көлігінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Апат фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылғы 23 желтоқсанда шамамен сағат 08:20-де Алматы – Өскемен автожолының 681-шақырымында Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігі соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш зардап шеккен адам медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді.

«Осы факт бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...