Қаршадай қыздың қырқын беру өте ауыр: Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасының жазбасы жүректі елжіретті

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
521

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы берілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай Threadsжелісіндегі парақшасында жазба жариялап, күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

“Бүгін Нұрайдың 40 күндік асы өтті.
Жап-жас нәзік қыздың "Қырқына" көп адам келіп көңілдерін білдірді. Өкініштісі бізден кейін және біздің алдымызда үлкен жасқа келіп қайтқан кісілердің жылдық асын беріп жатты. Соның арасында "қаршадай" қыздың қырқын беру өте ауыр екен.  Жүректі езеді, қинайды.

Біздің талап: Енді өсіп келе жатқан гүлді тамырымен бірге жұлған адамды "өмірбақи бас бостандығынан айырсын" деген үкімді күтеміз”,- деп жазды Сұлтан Серікбай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда белгілі журналист Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» серіктестігі мен оны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Telegram арқылы психотроптық заттарды насихаттайтын парақшалар таратып, ғимараттарға граффит...