«Ата-анасын есік алдына жерлейді»: Африкада да қазақ бауырларымыз бар ма?

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

«Жалғыз жолаушы» ютуб арнасының авторы журналист Санат Ілиясұлы Африкада басынан өткен қызықты оқиғаларын айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Африкадағы Камерунға барған журналист таңданысын жасырмады. Әуежайдан түсе сала сары қағаз бен вакцина салу керек екен. Алайда, әуежайдағылар журналисті жайдан-жай өткізе салады. Ол әуежайдан шыққанда, Қанат есімді қазақ жігіт күтіп алып, мұның дұрыс емес екенін айтады. Сосын журналист әуежайға қайта кіріп, сары қағазын алып, вакцина салдырып бір-ақ шығады. Журналистің айтуынша, бұл елде жемқорлық қатты дамып кеткен екен. Сондықтан да елге кіру оңай, ал шығарда қомақты қаражат төлеп кетуге тура келетін жайларға тап болады екенсің.

«Қанат деген жігіт мені үйінде 10 күн қондырды. Оған рақмет! Жемқорлық бұл жерде өте қатты дамыпты. Тегін паркингтің өзіне ақша төлеп, амалдап кіреді екенсің. Адамдары да көңілсіз. Тіпті қолыңдағы камераны да ұрлап кете барады екен. Тамақтары да жақпады», - дейді ол.

Камерундағылар қаза тапқан ата-анасын есік алдына жерлейді екен. «Олар алысқа жерленсе, ұмытып кетеміз» дейді тұрғындар. Африкадағы жігіттер үй тірлігін өздері істей береді. Әрі ол елде қалыңмал өте жоғары екен.

Санат Ілиясұлы «қызы барлар өздерін кәсіпкер ретінде есептейді» дейді.

Әрі олар үшін оншақты бала табу қиын емес.

Қариялардың да денсаулығы мықты көрінеді. Олар бала кезінен өңірдегі калорияға бай құрт жәндігін жеп өседі екен.

MADENI TV

Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенді өкілдері подкастта Ержан Райхановпен ашық әрі шынайы әңгім...

MADENI TV

Осы күні Жерге ең жақын үш ғаламшар — Меркурий, Венера және Марс  Күнге барынша жақындап,...