"Қартайғанша сахнада жүрмеймін": Жігіттер квартетінің мүшесі сахнадан кете ме?

Фото: Видеодан кадр

Жаңалықтар
256

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы 50 жасында өзін сахнада көрмейтінін айтты, деп жазады madeniportal nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Ердос Қанаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, өнердегі болашағына қатысты ойын айтты. Әнші қартайғанша сахнада жүрмейтінін кесіп айтты. Ол уақыт келгенде өнерден кетуге ниетті екенін жекізді. Өнер иесі кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетінін де айтып қалды. "50 жасқа Алла жеткізсе, сақал-шашым ағарып, қартайғанша сахнада жүргім келмейді. Биыл 40 жасқа толдық, бір жағынан қарасам, Заттыбек, Сәкен ағаларымыз 50 жасқа толып жатыр, жап-жас. Сол кісілерге қарайсың да, әлі уақытымыз бар екен деп ойлап қоямыз. Бірақ 40 жас - ақыл тоқтататын жас, бұған дейін мен бірнәрсе сұрасам, өзім үшін сұрайтын едім. Мәселен, дүние берші, намазымды реттеші. Ал адам 40 жасқа келген соң, өзіңе емес, елге пайда тигізсем екен деп ойлайды екенсің. Шынымды айтсам, өзімді кәсіпкерлік жолда сынағым келеді. Бір жағынан, ағартушылық жолдан көріп, жастарға мұра қалдырғым келсе, екінші жағынан кәсіп иесі болып, сол арқылы халыққа пайдалы дүние шығарсам", - деді Ердос Қанаев.

Жаңалықтар

Қостанайда 16 жастағы жасөспірім анасын қорғаймын деп жүрек тұсынан пышақталды, деп хабарлайды maden...

Жаңалықтар

Қостанайда заңсыз криптовалюта операцияларынан 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыптылар сотталды, деп хаб...