Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды

Фото: olympic.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2543

Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізіп жатыр. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.

Команданың бапкерлер құрамы: 

  • Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы;
  • Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы;

Жаттықтырушылар:

  • Ілияс Оралбеков;
  • ⁠Нұркен Андасов;
  • Азамат Мақажанов;
  • ⁠Талғатбек Жакпеков;
  • ⁠Нұржан Насанов.

Olympic.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесіп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсанда өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды. Есіктің үстіндегі жалғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...