Шымкенттік ерлі-зайыптының істеген ісі елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2038

Шымкент қаласында ерлі-зайыпты суррогаттық алкоголь өнімдерін жасырын цехта өндіріп келген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тергеу барысында 2022 жылдан бастап ерлі-зайыпты Қарсеновтар қолдан жасалған акциздік марка мен этил спиртін пайдаланып, заңсыз алкоголь өнімдерін өндірген.

Алкоголь өнімдері Шымкент қаласында ғана емес, сондай-ақ көршілес Түркістан және Жамбыл облыстарында да сатылған.

Тінту барысында 9 мың литрден астам этил спирті, 24 мыңнан астам жалған акциз маркалары, әртүрлі маркалы дайын алкоголь өнімдері және 75 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат тәркіленді.

Ерлі-зайыпты жасырын цех арқылы 309 млн теңгеден астам сомада пайда тапқан.

«Сот үкімімен аталған тұлғалар заңсыз кәсіпкерлік (ҚК 214-бабының 2-бөлігі, 2-тармағы), акцизделетін тауарлардың таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу (ҚК 233-бабының 2-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (ҚК 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша кінәлі деп танылды», деп хабарлады ҚМА.

Сот оларға 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...