Атақты қазақстандық әуе компаниясы маңызды хабарландыру жариялады

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1493

Астана әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылдың 1–4 қыркүйегі және 7 қыркүйектен 31 қазанға дейінгі кезеңде Air Astana әуе компаниясының ұшу кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл түзетулер Астана қаласынан және Астанаға қатынайтын Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, сондай-ақ халықаралық бағыттардағы Франкфурт, Дубай, Сеул, Стамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет пен Нячанг рейстерін қамтиды. Өзгерістерге іліккен жолаушыларға алдын ала хабар берілген. Егер жолаушының түйісу рейстері бұзылса, оларға балама ұшу нұсқалары ұсынылады.

Компания рейстер туралы ең өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін Брондау және ақпарат орталығынан білуге болатынын ескертеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 5.0 және 5.1 Lollipop нұсқасындағы смартфондарды қолдауды то...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны...