Руслан Өтепбай араққұмар азаматтарды жөнге сала бастады (ВИДЕО)

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1384

Тележурналистің қызметтік телефонына Аламаты қаласында тұратын Р. Жарлықасымов есімді көрерменнен ерекше хат келіп түскен, деп жазды madeniportal.kz.

Хатта Рустам деген жігіттің журналисті «шындық айтатындығы үшін» сыйлайтыны айтылған. Сондықтан сол жігітке журналистен арақ ішпеу туралы кеңес айтуын сұраған. Руслан Өтепбай көрерменнің тілегін жерде қалдырмай, өтінішін орындаған.

«Ассалаумағалейкум, Рустам бауырым! Қал-жағдайың қалай? Бұл - Руслан Өтепбай деген журналист азамат. Сіз қазірде сыналып, күрделі жағдайларды бастан өткеріп жатыр екенсіз. Сол себепті де ішімдікке душар болған шығарсыз. Бірақ әлбетте ішімдік сізді құтқармайды. Сондықтан ішімдікті қойып, иманға келіп, әрі қарай болашаққа жоспарлар құрыңыз. Егер ішімдікке тәуелді болсаңыз, ары қарай емдеуге біз де атсалысамыз. Сондықтан ішімдікті қойып, өте бай болыңыз!», - деп аудио жолдады журналист.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...