"Атпен жаншыды": Ақтерек ауылында әйел адам көпшіліктен көмек сұрады (ВИДЕО)

коллаж Мadeniportal.kz.

ЖАҢАЛЫҚТАР
1629

Алматы облысы Ақтерек ауылының тұрғыны күйеуінен зорлық-зомбылық көріп жүргенін айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Желіде тараған видеодан ер адамның әйелді балағаттап, қолына тартып жатқанын көруге болады. Тағы бір видеода ол кішкентай қызына да ауыр балағат сөздер айтады. (ВИДЕО)

«Күйеуім осы, ішеді, боқтайды, балаларға тиіседі, маза бермиді. Кетейін десем артымнан атпен жетіп алды, бір жағынан бес балам бар. Көрген күнім осы», — дейді әйел.

Әйел тиктокта көмек сұрап, видеоларын жариялаған көрінеді. Бірақ заңгер Сәуле Бикитиеваның жазуынша, күйеуі жазбаларын өшірткізген.

Облыстық полиция аталған факті бойынша материал тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева құзырлы органдар шыққанын айтып, «балалар бақылауда» деп пікір білдірді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...