Түркістан облысында 11-сынып оқушысы адам өлтіріп, денесін зорлағаны үшін 7,5 жылға сотталды

Фото: Pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
974

Түркістан облысында 11‑сынып оқушысы 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін ауданаралық мамандандырылған сотта жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Ол қылмысы үшін жеті жыл алты айға дейінгі мерзімге кәмелетке толмағандар колониясында жазасын өтейтін болады.

Айта кетейік, 26 жастағы Диана Оңғарбаева 2025 жылғы 21 шілдеде Шымкентте жоғалып кеткен еді. Оның мәйіті 10 күннен кейін қоқыс шығару алаңынан табылды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Ол – қалаға жұмысқа келген мектеп оқушысы. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті әйелді әлеуметтік желі арқылы тауып, ол келісім бойынша пәтерлерді жинауға келген. Жұмыс аяқталған соң, күдікті 26 жеріне пышақ сұғып, зорлаған, денесін қара полиэтилен пакетке орап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...