2023 жылдың 18 сәуір күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Бейбарыс сұлта...
Ақтөбеде бір аптада 7 көлікті тонаған адам ұсталды
Фото: massaget.kz
2577
Полиция бір аптада жеті көлікке ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын ашу бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында 23 жастағы жігітті ұстады. Күдікті түнде құлыпты бұзу және әйнектерді сындыру арқылы көліктерге ұрлыққа түскен.
Күдіктінің көлік құралдарынан жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жігіт ұялы телефондар мен қолма-қол ақшаны иеленіп отырған.
Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Автокөлік иелеріне келтірілген залал есептелуде.
Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.