АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында спортзалда атыс болып, екі адам көз жұмды, мерт болған...
Құрылтай сайлауы – 2026: Ерлан Қарин дауыс берді
Фото: әлеуметтік желі
108
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Сайлау учаскесінде азаматтар үшін дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған. Дауыс берушілер белгіленген тәртіппен бюллетень алып, өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Ел азаматтары өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде.
Сайлау барысы елдің барлық өңірінде ұйымдастырылып, учаскелерде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде.