Бибісара Асаубаева әйелдер арасында екінші гроссмейстер атанды

Фото: Qazaqstan.tv

ЖАҢАЛЫҚТАР
1610

БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, рейтингі алғаш рет 2500 межеден асты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.

Ол 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті.

Бибісара әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.

Енді тек ФИДЕ кеңесінің шешімі қалды. Ресми түрде бекітілсе, Бибісара –Қазақстандағы әйелдер арасынан шыққан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Бірінші – Жансая Әбдімәлiк.

Айта кетейік, Бибісара – еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...