Атырау облысында жол апатынан 6 жолаушы зардап шекті (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
660

Атырау облысында Атырау-Ақтөбе тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 6 шілде күні сағат 13:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 582-315 шақырымында болған.

Toyota Alphard пен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысып, салдарынан екі көліктегі алты жолаушы түрлі дене жарақатын алған.

Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.