Әкімінің орынбасары бір күн жұмыс істеп, шығып кетті

Фото: Ақтау әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1883

Әсет Шопанов наурыздың үші күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда шенеунік келесі күні-ақ жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсет Шопанов 4 наурыз күні қызметінен өз еркімен кеткен.

Әсет Шопанов Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 — 2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2020 — 2022 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 — 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...