Атырауда жедел жәрдем қызметіне босанғалы жатқан жүкті әйелден шақырту түскен. №9 бригада шұғыл түрд...
Бүгін Дариға Назарбаева туған күнін тойлап жатыр
Дариға Назарбаеваның бүгін туған күні. Сенат төрайымы 56 жасқа аяқ басты. Ол 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүние есігін ашқан.
Қазіргі отбасылық жағдайы
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Әкесі – Нұрсұлтан Назарбаев, анасы – Сара Назарбаева. Бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен Нұрәлі, Айсұлтан есімді ұлдары мен Венера есімді қызы бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы Рим Папасымен кездесуде. фото: sputniknews.kz
Білімі
М. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде білім алған.
1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Оқи отырыңыз: 28 гвардияшы-панфиловшылар - ойдан шығарылған ертегі
1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен, ал 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң, "саясат ғылымдарының докторы" ғылыми атағын алған.
Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.
Еңбек өтілі
- 1992-1994 жылдары "Бөбек" балалар қайырымдық қорының вице-президенті;
- 1994-1995 жылдары "Хабар" ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры;
- 1995-1998 жылдары "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
- 1998-2001 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ президенті;
- 2001-2003 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ директорлар кеңесінің төрайымы;
- 2003 жылы "Асар" партиясының көшбасшысы;
- 2006-2007 жылдары "Нұр Отан" партия төрағасының орынбасары;
- 2004-2007 жылдары "Асар" партиясының тізімі бойынша мәжіліс депутаты;
- 2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты;
- 2012 жылы мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы;
- 2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін – мәжілістің вице-спикері;
- 2015-2016 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
- 2016 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін сенат депутаты;
- 2019 жылдың 20 наурызынан Сенат төрайымы;
Ғылыми атағы
Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.