Атырау плициясы «жоғалған» күйеу баланы ресми іздеуге кірісті

Фото: qamqor.gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
6079

Атырау облысының полициясы Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен күйеубаласына ресми түрде іздеу жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті — Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта ол іздеуде жүр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.

«Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған немесе жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз», — деп хабарлады полиция өкілдері.