Елімізде ауыр қылмыс жасаған адам Қырғызстанға қашып кеткен

Фото: Бас прокуратура

ЖАҢАЛЫҚТАР
470

Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке бюджетке 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың наурыз айында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...