«Пайда үшін»: Алматыда 11 жыл бұрын анасын өлтірген әйел анықталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1166

Алматы қаласында тергеушілердің кәсіби біліктілігінің арқасында 11 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Спикердің айтуынша, қылмыстық іс қайта қаралып, бұрынғы дәлелдерге терең талдау жүргізілген. Қосымша куәлар мен туыстардан жауаптар алынып, олардың айтқандары мұқият тексерілген. Тергеудің нәтижесінде, зейнеткерді қасақана өлтірген қылмыскер оның туған қызы екені анықталған.

«Қылмысты пайдакүнемдік ниетпен жасағаны дәлелденді. Қойылған сауалдар мен таңдалған тактика өз нәтижесін берді», – деді Мұхтар Қожаев.

Сондай-ақ, ол елімізде тіркелетін қылмыстық істердің 95%-ын ішкі істер органдары тергейтінін атап өтті. 2025 жылдың басынан бері тергеушілер мен анықтаушылардың өндірісінде 216 мыңға жуық қылмыстық іс болып, 54 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...