Атырауда 23 жастағы фельдшердің өліміне спортшылардың қатысы бар болып шықты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
799

19 тамыз күні Атырау 23 жастағы фельдшер Азамат Асылбекұлын соңғы сапарға шығарып салды. Ол досының үйлену тойындағы жанжалдан кейінгі қақтығыста қаза тапқан, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы Ақ жайық басылымы жазды.

17 тамызға қараған түні тойдың соңы жаппай төбелеске ұласқан. Алдын ала деректер бойынша, жанжалға 30-ға жуық жас жігіт қатысқан. Олардың арасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған белгілі спортшылар да бар. Жас ерекшелігі – 23 пен 25 жас аралығы.

Қақтығыс кезінде бірнеше мәрте оқ атылып, табылған гильзаларға қарағанда, шамамен он оқ шығарылған. Сараптама қорытындысы бойынша, Азамат жүрек тұсына жақын қашықтықтан атылған оқтан қаза тапқан. Мамандар қаруды қолданған адамның тәжірибелі екенін жоққа шығармайды. Қару ресми тіркелмеген.

Дереккөздің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың көбісі бұрыннан тергеушілердің бақылауында болған, бірақ олардың үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. Қазіргі уақытта барлығы қамауға алынбаған, бұл қоғамда белгілі бір күмән туғызып отыр. Сонымен қатар, бір күдікті полиция қызметкерімен туыстық қатынаста болғанымен, жетекші лауазымда емес екені белгілі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызды алып қашу қазақ дәстүріне жатпайды. Бұл түсінік кеңес дәуірінде қалыптасып, кейін қате түрде &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер б...