Атырауда 80-ге жуық бала жоғалып кеткен

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1119

Атырауда Исатай-Махамбет алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, барлық бала жедел түрде табылып, ата-анасына табысталған. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталыпты.

«Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды», деп хабарлады ІІМ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...