Қазақстандықтар зейнет жасына жетпей зейнетақы ала алады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
26

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді.

2026 жылы аннуитет рәсімдеуге қойылатын жас талаптары:

- Ерлер – 55 жастан бастап;

- Әйелдер – 53 жастан бастап;

- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 60 ай төленген азаматтар – 50 жастан бастап.

Кейінге қалдырылған аннуитетті 45 жастан, ал тиісті кәсіптік жарналары бар азаматтар 40 жастан бастап рәсімдей алады. Бұл жағдайда төлемдер келісімшартта белгіленген уақытта басталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда полициясы анасы мен сәбиін көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні бір апта...