Ұшақ қонып жатып өрт сөндіру көлігіне соғылды: Жойқын апат болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
426

Монреальдан Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайына ұшып келген ұшақ қону кезінде өрт сөндіру көлігіне соғылды. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Air Canada әуе компаниясының ұшағы өрт сөндіру көлігіне соғылып, порт әкімшілігінің екі қызметкері ауыр жарақат алды.

Зардап шеккен полиция қызметкерлері әуе кемелеріне қатысты төтенше жағдайларға әрекет ету үшін құрылған авиациялық құтқару және өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді.

Bombardier CRJ-900 ұшағының бортында 100 жолаушы болған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тексеріліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін елордада мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтті. Ол әскерде алған ауыр...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при...