Қостанай облысында қайғылы жағдай болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
370

Қостанай облысындағы Қостанай – Қарабұтақ тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты Бейімбет Майлин ауданындағы Валерьяновка ауылының маңында болған.

Chery Cowin және Mazda 626 автокөліктері соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, Chery Cowin жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mazda 626 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Chery Cowin жүргізушісі мен оның жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды.

Chery Cowin көлігіндегі тағы үш жолаушы мен Mazda 626 жүргізушісі түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қостанай облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасамауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін, 16 қыркүйекте бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталды. Ол то...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек. Бұл туралы адвокат...