Қазақстандық құтқарушы Қытайда ММА чемпионы атанды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2198

18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аталған іс-шарада бұрын-соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды. Алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...