Атырауда ер адам әйелдер дәретханасын сығалап, камераға түсірген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
111

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталығына келген әйелдер жігіттің дәретханада жасырын сығалап, телефонға түсіргеніне күдіктенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Дәретханада отырған әйелдердің бірі басын көтергенде, көрші кабинаның үстінен сығалап тұрған жігітті байқап қалған.

Әйел бірден шу шығарған. Ал жігіт әйелдер дәретханасында не істеп жүргенін түсіндірудің орнына кабинаға кіріп, есікті ішінен жауып алған. Айқай-шуды естіген өзге әйелдер де жиналып, оның сыртқа шығуын талап еткен. Алайда жігіт жанжал басылғанша күте тұруды ойласа керек, есікті ашудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Ақыры күзетшіні шақыруға тура келген. Ол жігітті кабинадан шығарып, ашуға булыққан әйелдердің айқайының арасымен дәлізге алып шыққан. 

Куәгер әйелдердің айтуынша, жігіт жасырын қарап қана қоймай, оларды телефонға да түсірген. Келушілердің бірі оның телефонындағы суреттер арасынан дәретханада түсірілген фотолар табылғанын алға тартты. Ал жігіт тағылған айыптарды түгел жоққа шығарып, дәлел көрсетуді талап еткен.

Атырау облыстық полиция департаменті "Ақ Жайық" басылымына жігіттің ұсталып, әкімшілік тәртіппен ұсталғандарға арналған камераға қамалғанын хабарлады. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр.

Алайда полиция әйелдерді жасырын түсіргені туралы ақпараттың расталып-расталмағанын әзірге нақтылаған жоқ.

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасында тәубе ету, жүректі тазарту және Ал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз иш...