Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша қаржы бөлінеді?

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

ОСК кандидаттарға сайлау шығындары үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаржы үш бағытқа бөлінеді. 

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға:

Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға - 410 мың теңге;

Үгіт пен іс-шараларға - 180 мың теңге;

Жол шығындарына - 110 мың теңге. 

Қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің шығындарына бөлінетін қаржы: 

Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға - 400 мың теңге;

Үгіт пен іс-шараларға - 170 мың теңге;

Жол шығындарына - 80 мың теңге.

Аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға:

Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға - 290 мың теңге;

Үгіт пен іс-шараларға - 130 мың теңге;

Жол шығындарына - 80 мың теңге.

Айта кетейік, мәслихат сайлауы 29 қарашада өтеді.

Мәслихат — жергілікті деңгейдегі халықтың өкілді органы. Оның депутаттарын тұрғындар сайлайды.

Мәслихат қандай қызмет атқарады?

  • Бюджетті бекітеді: қала, аудан немесе облыс қаражатының қай бағыттарға жұмсалатынын қарастырады.
  • Жергілікті мәселелерді шешуге қатысады: жол, қоғамдық көлік, мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелерді талқылайды.
  • Тұрғындардың мүддесін қорғайды: халықтың ұсыныстары мен проблемаларын мемлекеттік органдарға жеткізеді.
  • Әкімдіктің жұмысын бақылайды: өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қатысты мәселелерді қарайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталығына келген әйелдер жігіттің дәретханада жасырын сығалап, телефо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз иш...