Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан тұрғын 5 тәулікке қамалды

Коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
32

Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен 42 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Нәтижесінде Абдулла Қоңырбаев ұсталды.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер де қоғамдық кеңістік саналатынын еске салды. Тікелей эфирде немесе виртуалды ортада жасалған құқық бұзушылықтар үшін де заң аясында жауапкершілік қарастырылған.

Полиция «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасында тәубе ету, жүректі тазарту және Ал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталығына келген әйелдер жігіттің дәретханада жасырын сығалап, телефо...