Атырауда мектептегі жанжалдан кейін оқушы жоғалып, қайта табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
486

Атырауда 15 жастағы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Анасы оның жоғалуын мектеп әкімшілігімен болған жанжалмен байланыстырады. Айтуынша, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан қысым көрсетіліп, сыныптастарынан түсініктеме жазу талап етілген.

19 ақпанда қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Кеше 25 ақпан күні қыз дін-аман табылды.

Оқиғадан кейін мектепте арнайы мобильдік топ құрылып, Атырау облыстық білім беру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары басталды. Жағдай білім беру ұйымдары мен жауапты органдардың бақылауына алынған.

Құзырлы органдар істің түпкі себептерін анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

 

PESTEL

Иран билігі АҚШ тарапынан жалғасып жатқан теңіз блокадасына жауап ретінде Ормуз бұғазын қайта жабаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарбаздарға казармада ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...