Денесі жертөледен табылды: Мәскеуде 12 жастағы баланың өліміне екі жасөспірім күдікті

әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
297

Мәскеу облысының Кабаново ауылында жоғалып кеткен 12 жастағы баланың денесі қараусыз қалған бұрынғы жатақхананың жертөлесінен табылды. Қылмысқа күдікті ретінде 15 және 16 жастағы екі қыз ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, жасөспірімдер баланы ғимаратқа алдын ала шақырып, қылмысқа қажетті заттарды дайындаған болуы мүмкін. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік БАҚ күдіктілердің әрекетіне «Кальмар ойыны» сериалы әсер етуі мүмкін деген нұсқа да тексеріліп жатқанын жазды. Бұған қыздардың бірінің бөлмесінен сериалға қатысты плакаттардың, ал әлеуметтік желідегі парақшасынан қатыгез көріністері бар видеолардың табылуы себеп болған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...