Абай облысында жолда қалып қойған 3 автобустан 106 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1978

Кеше түнде Абай облысының Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожол қозғалысының шектелуіне байланысты блокпостта ішінде 106 жолаушысы бар 3 автобус жолда қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге жолаушылар автобустарынан 92 адамды ертіп, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды, оның ішінде 20 бала бар.

Жолдың осы жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, 14 адам жылыту пунктіне орналастырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты ескертулерді назарда ұстап, күн бұзылған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады! 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...