Атырауда мұғалім алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
710

Атырауда мектеп оқушыларының ата-аналары мұғалімді алаяқтық жасады деп айыптады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Олардың айтуынша, педагог ата-аналардың сеніміне кіріп, “грантқа орналастырамын” деп уәде беріп, осы сылтаумен ақша мен зергерлік бұйымдар алған.

Ата-аналардың бір тобы ресми шағым түсіріп, мұғалім өзінің қызметтік жағдайын жеке пайдасы үшін пайдаланғанын мәлімдеді.

“Біз балаларымызды кімге сеніп тапсырамыз? Егер мектептің ішінде осындай жағдай болса, тәрбиемен, білім берумен қалай айтуға болады?”, – деп ашуланды ата-аналар.

Олар мұғалімді бірден жұмыстан босатуды талап етіп, қалалық прокуратураны, полицияны және білім басқармасын жағдайды бақылауға алып, істі сотқа жеткізуге шақырды. Ата-аналар қауымдастығы балалардың тағдырына бейжай қарауға жол бермейтінін және фактілер расталса, кінәліге қатаң жаза қолданылуын талап ететінін айтты.

Полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды:
“Аталған факт бойынша ‘Алаяқтық’ бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”.

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...