Оралда ер адам біреудің салған ақшасын қолды қылған

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
596

Оралда ер адам банкоматтан өзге біреудің салған 600 мың теңгесін қолды қылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаладағы сауда үйлерінің бірінде әйел банкоматқа 600 мың теңгеден астам ақша салған.

Алайда техникалық ақауға байланысты қаражат картаға түспей, купюра қабылдайтын жерде қалып қойған.

Әйел кетіп қойғаннан кейін артынша банкоматқа келген ер адам ақшаны алып кеткен.

Күдікті 45 жастағы ер адам ұсталып, ақша иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.