Ата-анасын «өлтіріп» ақша жинаған астаналықтың сұмдығы ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
733

Елордада әріптестерін алдап ақша жинаған ер адамды полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ер адам жұмыстан уақытша босату туралы өтініш жазып, әкесінің қайтыс болғанын айтқан. Басшылық көңіл айтып, оған демалыс берген. Ал әріптестері қаржылай жылу жинап берген.

Бір апта өткен соң ол әріптестеріне анасының да дүниеден өткенін хабарлап, тағы да көмек сұраған. Алайда әріптестері күдіктеніп, жағдайды анықтау үшін анасына хабарласқан кезде оның тірі және денсаулығының жақсы екенін білген.

Осылайша ер адамның бар өтірігі ашылды. Анықталғандай, 20-дан астам қызметкер оның есепшотына әртүрлі мөлшерде ақша аударып, көмек қолын созған. Ал ол түскен қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...