Атырауда қайын жұртын өлтірді деген күдікті қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты күдікке ілінген 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы шешімді қалалық мамандандырылған тергеу соты шығарған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, күдікті тергеу изоляторына жеткізіліп, аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандарға арналған арнайы камераға орналастырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қаза тапқан ата-ананың мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы сарайға көмілген. Ал олардың ұлы мен қызы күдікті бұрын жалдап тұрған Геолог ықшамауданындағы үйдің ауласынан табылған.

Сұлтан Сәрсемалиев бұған дейін Индонезияда ұсталып, кейін Қазақстанға жеткізілген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның жанынан марқұмдарға тиесілі жеке заттар – жеке куәліктер, банк карталары және ұялы телефон табылған.

Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кіріскен. 

Шоу-бизнес

Әнші Жазира Байырбекова келінін өз қолымен ұзатып, шаңырағына өзі алып келгенін айтты, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Төбел...