“Өзіне қол жұмсаған”: Қарағанды облысында жүк көлігінің жүргізушісінің денесі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2144

Қарағанды облысы Шет ауданындағы даладағы дәмханалардың маңынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Марқұм Ақтөбе облысынан шыққан жүк көлігінің жүргізушісі екен. Оның мәйіті 22 сәуір күні табылған. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«2025 жылдың 22 сәуірі күні Қарағанды облысы Шет ауданындағы дәмханалардың бірінде Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынының мәйіті табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының полициясы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...