Ұлы Отан соғысы туралы қызықты тарихи 10 дерек (ФОТО)

Жаңалықтар
38687


1). Гитлер Сталиннен гөрі кеңестік әйгілі диктор Левитанды сұмдық жек көрген. Тіпті оның басын кесіп әкелген солдатқа арнайы марапат пен 250 000 марка сыйақы жариялаған. Гитлер оны Кеңес Одағын жаулап алған кезде бірден ату жазасына бұйырылатын адам ретінде тізіміне бірінші етіп жазған. Бірақ Гитлердің бұл «арманы» орындалмай, Левитанға Германияның тізе бүккені мен Жеңіс күнін радио арқылы жариялау бақыты бұйырды.


 

2). Сталинге кеңестік көлік құрастырушылар «Родина» көлігін таныстырады. Қолбасшыға көліктің өзі ұнағанымен оның атауы ұнамайды. Сталиннің ойынша «Родина» атауы бар зат ешқашан сатылмауы тиіс» болған. Сондықтан көлікке «Победа» деген атау берген. Аталған көліктер Кеңес халқына 50 жылдан астам қызмет етті.


 

3). Ұлы Отан соғысы әйгілі тарихи қолбасшы Әмір Темірдің қабірін қазғаннан кейін бір күннен соң басталды. Қолбасшының қабірін қазатын кезде діни сенімдегі адамдар ғалымдарға қабірді қазбауын өтінген. Егер оны қазса соғыс басталуы мүмкін екенін де ескерткен. Ғалымдар бұл сөзге иланбай 1941 жылы 21 маусымда қабірді қазады. Арада 1 тәулік өтпей жатып Ұлы Отан соғысы басталды.

 

4). Соғыс туралы әндердің қатарында көп айтылатын атақты «Смугланка-Молдаванка» әні 1940 жылы жазылған болатын. Ән 1944 жылы бүкілодақтық патриоттық әндердің қатарында айтылды. Бірақ, Кеңес билігі бұл әннің таралуына белгісіз себептермен тыйым салды. Тек 1974 жылы түсірілген «В бой идут одни старики» фильмінде айтуға рұқсат етілді. Отыз жыл бойы бұл әнге неге сонша тыйым салынғаны әлі күнге дейін құпия болып келеді. Қазіргі кезде кез-келген Жеңіс күні мейрамдары бұл әнсіз өтпейді.


 

5). Мәскеуді жаулап алмақ болған немістер кеңестік ғалымдарды «ақымақ» санаған. Себебі, Кеңестік ғалымдар жасаған Мәскеу қаласының картасынан Кремльді іздеген немістер оны картадан тапқанымен, шынайы өмірде таба алмайды. Әсіресе немістің бомбалаушы ұшақтарының ұшқыштары Мәскеуді бомбалаған кезде Кремльді таппай әуреге түскен. Тіпті оның бар екеніне сенімсіздік танытқан. Қаланың төбесінен қанша барлау жұмыстарын жүргізсе де Кремльді таба алмайды. Кейіннен белгілі болғандай, Кеңес үкіметі жаудан қорғану үшін Кремльдің күмбездерін қара түске бояп, оның мұнараларын өртенген кейіптегі үйлер тәрізді етіп декорациялаған. Кремльге жақын барлық ғимараттар да бомбадан кейінгі ғимарат қалдықтары тәрізді түспен боялады. Осылайша кеңестік ғалымдар мен архитекторлар Кремльді сақтап қалған еді.

 

6). Ұлы Отан соғысының тарихында екі Гитлер болды. Немістерге қарсы соғысқан кеңестік бір солдаттың фамилиясы да Гитлер болатын. Кейін оның Гитлер деген фамилиясы Гитлев болып өзгертілген деген деректер бар.

 

7). Соғыс тарихында өз еркімен жалғыз өзі немістерге қарсы шайқасқан кеңестік жауынгер туралы көпшілік біле бермейді. Тверь қаласын жаудан тазартуға аттанған жауынгердің бұл жоспары ротадағы өзге жауынгерлерге белгісіз еді. Жауынгер (аты-жөні айтылмайды – Авт.) түн ортасында танкке отырып, Тверь қаласына аттанады. Түн ішінде фашистердің армиясын дүрліктірген жауынгерге қаладағы бүкіл неміс әскері қарсы шығады. «Қалаға кеңес әскерлері басып кірді» деп қорыққан неміс әскерлерінің көбі қаладан қашып та үлгереді. Қалада жалғыз танкпен шайқас болып жатқанда көмекке келген кеңес әскерлері қаланың бір бөлігін азат етеді. Есімі аталмайтын бұл жауынгер осы ерлігі үшін генерал Коневтің қолынан «Қызыл жұлдыз» орденін алады.

 


 

8). Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың шеңберінде болғаны белгілі. 1945 жылы Германияны тізе бүктірген КСРО әскерлері оның одақтасы Жапонияны да тізе бүктірді. Сол уақытта Кеңес әскерлерінен қатты қорыққан Онода Хиро есімді партизан соғыстың аяқталғанына сенбей орман арасында жалғыз өзі партизандық жұмыстарын жүргізе берген. Тек арада 29 жыл өткен соң (1974 жылы) оны тауып алған әскерилер соғыстың аяқталғанын жеткізеді. Әскерилердің де бұл сөзіне сенбеген ол тек жапондық командирдің сөзінен кейін ғана қаруын тастап бейбіт өмірге араласа бастаған.



 

9). Ұлы Отан соғысы кезінде кеңестік 667 баланы құтқарып қалған кісінің есімін айтуға тыйым салынған. Тыйымды салған ерлік жасаушының өзі. Ол бұл ісін азаматтық борышы ретінде санайды және «бұл іске бола марапатталуға тиіс емеспін» дейді.


 

10). Берлин қаласына тасталған алғашқы бомбадан адамдар зардап шекпеген. Бомба зоопарк үстіне түсіп, тек бір піл ғана мертіккен.




Дайындаған: Нұрсерік ЖОЛБАРЫС



Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...