«Атыс дыбыстары естілді»: Астанада тұрғын үй ауласында төбелес болды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
318

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түн ортасында болған жастар арасындағы жанжал тұрғындардың зәресін алды. Әлеуметтік желіде тараған видеода «атыс дыбыстары» естілгені айтылғанымен, тәртіп сақшылары жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Қасым Қайсенов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Куәгерлердің сөзінше, түнде бір топ жас жігіт арасында қатты айқай-шу шығып, арты қақтығысқа ұласқан. Желі қолданушылары жанжал кезінде қару қолданылғанын айтып, дабыл қақты.

Астана қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Мекеме мәліметінше, 5 сәуір күні қоңырау түскен бойда оқиға орнына жедел топ жіберілген.

«Қақтығысқа қатысушылардың тұлғасы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында атыс туралы ақпарат расталған жоқ. Жанжалдың туындауына жастар арасындағы жеке өшпенділік пен қызғаныш себеп болған», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.

Оқиға қатысушыларына қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары түпкілікті шешім шығару үшін сотқа жолданды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында түнгі жәрмеңке кезінде алып айналма дөңгелек құлап, кемінде 30 ада...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың 24 наурызы күні Алматыдағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Баир Сиқымбаевтың мәйіті...