Шакира Бішкекте концерт береді: Билет бағасы белгілі болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
138

Колумбиялық әлем жұлдызы Шакира алғаш рет Орталық Азияда концерт береді. Әнші 18 қазанда Бішкекте өтіп, «Las Mujeres Ya No Lloran» әлемдік турнесі аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Концерт бағдарламасына Шакираның әр жылдардағы танымал хиттерімен қатар, жаңа альбомындағы әндер де енген. Көрермендер «Hips Don’t Lie», «Whenever, Wherever», «Waka Waka», «She Wolf» секілді әйгілі композицияларды жанды дауыста тыңдай алады.

GovTicket мәліметінше, билет сатылымы 1 қазанда Бішкек уақытымен сағат 09:00-де басталған. Билет құны таңдалған секторға қарай әртүрлі.

Сахна алдындағы Fanzone 1 және Fanzone 2 аймақтарына кіру құны 40 мың сомға, яғни шамамен 458 долларға дейін жетеді. Ал Ground admission секторындағы билет 27 мың сом немесе 309 доллар тұрады.

Концертті отырып тамашалағысы келетіндер үшін де бірнеше санат қарастырылған. Жоғарғы қатарлардағы орындардың бағасы 13,5 мың сомнан басталады. Ең арзан билет 12 мың сом, шамамен 137 доллар тұрады. Алайда бұл орындар сахнаның шетінде орналасқандықтан, шоу толық көрінбеуі мүмкін.

Бұдан бөлек, бір орны 30 мың сом тұратын Skybox ложалары ұсынылады. Олар 15-20 адамға арналған және холл, асүй мен бармен жабдықталған. Премиум VIP-билеттер сатылымға кейінірек шығарылмақ. Олардың саны шектеулі әрі бағасы негізгі санаттардан жоғары болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жаңа сауда орнының ашылуына орай ұйымдастырылған тегін дастарқан күтпеген жағдаймен а...