Жетісу облысында жол апатының салдарынан 16 көлік жанып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2940

23 тамызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апатынан 16 көлік жанып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кешкі 18:15 шамасында болған. Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.

"Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр", – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...