Атыс кезінде болған": Жезқазғанда әскери бөлім офицерін кім атты?

Көрнекі фото

ЖАҢАЛЫҚТАР
2211

Рота командирі оқу-жаттығу кезінде оқ жарақатын алған, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz материалына сүйеніп.

Оқиғаның мән-жайын  "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі баяндады. 

Оқыс жағдай  Ұлттық Ұланның 6505 әскери бөлімінің базасында, атыс кезінде жаттығу алаңында болған.

"Қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Сол жерде оған қажетті көмек көрсетілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, өмірлік маңызды органдар зақымдалмаған",-деп хабарлады өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

Себептері мен мән-жайлары анықталуда, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін қазнетте Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады.

Оған ІІМ қандай түсініктеме берді?

Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады. Тергеу адамды өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.

– Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ІІМ. 

Басқа ақпарат берілген жоқ.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...