“Мәжбүрлеген”: Мектеп директоры қыздарының тағдырына балта шапты

Фото: pixabay

Жаңалықтар
425

Жизақ қаласындағы мектептердің бірінде мектеп директоры өз қыздарының тағдырына балта шапты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Nemolchi.uz редакциясына екі кәмелетке толмаған қыз хабарласқан. Жизақ қаласындағы №18 мектептің директоры Хасанова Шахноза қыздарына бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсетіп, құқықтарын таптаған.

«Мен Ташкентте 3 жыл тұрдым. Онда бір уақытта оқып, жұмыс істеймін. 2024 жылдың 31 қазанында анам мені үйге қамап, ұрып-соғып, өзім келіспейтін жігітке күштеп үйлендірмекші болған. Осыдан кейін ол мені бір апта бойы жыныстық қатынасқа мәжбүрледі. 6 қарашада мені қыздықты тексеру үшін екі гинекологқа тексертті. Олар менің пәк екенімді растады. Ол жерден шыққаннан кейін жігіт мешітке алып барды. Бірақ имамдар заңды некеге тұрмай жатып, діни жолмен неке қимайтындарын айтты. Кейін мен үйге қайттым. Бірақ анам жігітпен кетпегенім үшін ұрып-соқты. Мен 102 хабарласып, құқығымды қорғағым келді», - дейді қыздардың бірі.

Анасынан қорлық көрген ол полицияның ешқандай іс-әрекетке бармағанын айтады. Қыз анасы мектеп директоры болмай тұрып, лауазымды қызметтерде істегені үшін, оған ешкім қарсы шыға алмайтынын жасырмады. Қыздың анасы оның телефоны, тіпті өзі жұмыс істеп тапқан ақшасына дейін алып қояды екен.

Енді екі қыз құзырлы органдардан көмек сұрайды. Олар оқып, жұмыс істегілері келетінін айтты.

 

 

Оқиға

Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабар...

Жаңалықтар

Алматыда қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Өкініше қарай 2003 жылы туған жаяу ж...