Астанада терезе жуып жатқан қызды ер адам бөксесінен ұстаған

Коллаж: sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1465

Астаналық пилатес жаттықтырушысы Ариана көшеде өзіне жасалған жыныстық сипаттағы қысым туралы айтты, деп хабарлады  Мadeniportal.kz.

Бұл туралы  Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Оқиға ол құрбысына хоккей мектебінде терезе жууға көмектесіп жүрген сәтте болған. Instagram желісіне сторис түсіру үшін қыздар штативке телефон қойған. Сол кезде жанына келген ересек ер адам оның бөксесінен ұстап кеткен.

Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша іс қозғады. Белгілі болғандай, ол – 1967 жылы туған, үйленген және 6 баланы тәрбиелеп отырған азамат.

Ариана қазір сотты күтуде. Егер іс басқа бапқа ауыстырылмаса, ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5–15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...