Жамбыл облысында дәрігерлердің салғырттығынан 6 жастағы бала қиналып көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1561

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 6 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Туыстары баланың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олар Денсаулық сақтау министрлігі мен Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.

Әлеуметтік желіге марқұм баланың туыстары бейне жариялады. Олар дәрігерлердің салғырттығынан 2019 жылы туған баладан айырылып қалғанын, ал 2 жыл бұрын осы ауруханада баланың анасы көз жұмғанын мәлімдеді.

Бүлдіршін 29 қыркүйектен бастап ауырған екен. Учаскелік дәрігер ешқандай көмек көрсетпей, үйіне қайтарып жіберген. Бірақ баланың беті бері қарамай 7 қазанда ауруханаға жатқызылған. Бірақ ауруханада да ешқандай ем-дом шаралары жасалмай, дәрігерлер дұрыс қарамаған. Баланың туыстары ауырсыну басылмаған соң тек «Креон» дәрісін бергенін айтты. Бүлдіршін 10 қазанда көз жұмған.

Бейне авторы баланың бір апта бойы қиналғанын айтып жылады.

«Баламызды сот-медициналық экспертизаға алып кеткелі жатыр. Ешқандай дәрі бермеген. Бір апта бойы қиналған. Тек қана Креон берген. Бәрін жасырып отыр. Диагнозын айтпайды, ауру тарихын бермейді», - дейді автор.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...