Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұйытқы болуымен аст...
Ауғанстанда жүрген қандастарды елге кіргізу керек — дипломат
Фото: Видеодан кадр
Qasqa jol YouTube арнасына дипломат, әскери қайраткер, генерал-майор, сондай-ақ, 2011-2018 жылдар аралығында Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі болған Өміртай Бітімов қонаққа келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Дипломат сөз арасында биліктен арнайы тапсырыстардың болатынын айтты.
«Мен 38 жыл бойы қауіпсіздік-барлау қызметінде істедім. Білемін. Өзім де сондай жұмыстарды жасағанмын», - деді ол.
Дипломат Ауғанстандағы елшілік қызметін еске алып, ол ел туралы көп мағлұмат білетінін айтты.
«Ауғанстанда қыз балаларға болашақ жоқ, оларды оқытпайды, сыртқа шығартпайды, қараңғы етіп тәрбиелейді. Сол себепті Ауғаннан елімізге келетін қандастарды шеттетпей, өз ортамызға қосу керек. Менің ойымша арнайы бағдарлама әзірлеп, елге әкелу керек. Бірақ ираннан, ауғанстаннан келген қазақтарды біздікілер радикал деп ойлайды, шындығында оларды радикал, қауіп келеді деп ойламау керек. Өз қазақтарымызды шетке ысырмау керек. Мен Ауғанстанда болған жылдары елде 50-ге жуық партия болды, кейінірек мұның қатары 150-ге дейін жетті. Әр партия өз жағына тартатын, бірақ халық тыныш болмады. Демократия ма? Демократия. Ал қазір тәліптер билік орнатқан соң, ешқандай партия атаулы жоқ, есесіне елде демократия да жоқ, бірақ халқы тыныш», - деді Өміртай Бітімов.