Премьер-министр тамақтан уланып қалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1769

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тамақтан уланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Atameken business-ке сілтеп. 

Енді ол алдағы үш күн бойы үйінде ем қабылдайды. Мемлекеттік істерді қашықтан басқарады. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңсесі хабарлады.

Белгілі болғандай, жексенбіге қараған түні Нетаньяху өзін жайсыз сезінген. Медициналық тексеру нәтижесінде оның ішегінде қабыну бары анықталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 75 жастағы Биньямин Нетаньяху бүлінген ас жеген.