Астанада болған өрт кезінде 60-қа жуық адам ғимаратта қамалып қалған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2304

Оқыс оқиға Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, екінші қабат пен төртінші қабаттың аралығында электр сымдары тұйықталып, өрт шыққан.

«ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - делінген министрлік хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жолаушылар паромының қатынасын қайта іске қосуды жоспа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек нарығындағы белсенділік тамыз айында айтарлықтай өсті. Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында ж...