Астанада жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Күйш...
Қазақстанда тағы 18 заңға түзетулер әзірленіп жатыр – Аида Балаева
ашыҚ дереккөз
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, Ата заңда бекітілген әділеттілік, заң үстемдігі, адамға құрмет, ұлттық бірегейлік және қоғамдық жауапкершілік сияқты құндылықтар қазіргі Қазақстанның ғана емес, келер ұрпақтың да берік негізі болып табылады.
«Біз үшін аса маңызды өзгерістердің бірі – мәдениет, ғылым және білімнің мемлекеттің стратегиялық басымдықтары қатарына енгізілуі. Конституцияда алғаш рет ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамыту мемлекеттің тікелей міндеті ретінде бекітілді. Бұл мәдениеттің енді тек рухани құндылық қана емес, сонымен қатар қоғамдық бірлік пен елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының бірі ретінде танылғанын білдіреді», – деп атап өтті Аида Балаева.
Министр жаңа Конституция талаптарына сәйкес заңнаманы үйлестіру мақсатында қазіргі уақытта тағы 18 заңға түзетулер әзірленіп жатқанын айтты.
Атап айтқанда, өзгерістер сөз бостандығы мен ақпарат тарату, діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстар өткізу, волонтерлік қызметті қолдау, қайырымдылық, мәдениет және кинематография туралы заңнамаға, сондай-ақ жаңа Конституцияның нормаларынан туындайтын өзге де құқықтық актілерге енгізіледі.