Ведомство бұрынғы Ұлттық ұлан әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болғанын растады. Сарбаз 23...
Таиландта жоғалған әпкелі-інілінің мәйіті табылды: Күдіктілер қылмысты мойындады
BAZA
Таиландта із-түзсіз жоғалған Ресей азаматтары – 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романның қаза тапқаны белгілі болды. Қылмысқа күдікті ретінде ұсталғандар тергеу барысында оларды өлтіргенін мойындап, мәйіттер жасырылған орынды көрсеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Таиланд полициясы жастарды ұрлады деген күдікпен қылмыстық топтың жетекшілері деп есептелетін бірнеше адамды ұстаған. Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, жауап алу кезінде күдіктілер 17 жастағы Романды атып өлтіргендерін, ал оның әпкесі Диананы өлтіріп кеткендерін мойындаған.
Олар сондай-ақ қаза болғандардың мәйіттері жасырылған жерді көрсеткен. Қазір оқиға орнына тергеушілер мен криминалистер барып, қажетті сараптамалық жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, қылмыстың негізгі себебі – ағайындының мотоциклін иемдену болған. Кейін бөлшектелген мотоцикл күдіктілердің бірінің үйінің маңынан жерге көмілген күйде табылған. Дәл осы айғақ полицияның күдіктілердің ізіне түсуіне мүмкіндік берген.
Еске салайық, Диана мен Роман 25 шілдеден 26 шілдеге қараған түні Паттайяда скутермен үйден шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпай қалған. Анасының айтуынша, қызы жоғалар алдында өзін біреулер аңдып жүргендей сезінетінін айтқан. Бірнеше күннен кейін полиция олардың скутерін жерге көмілген күйде тапқанымен, жастардың өзінен ешқандай із болмаған еді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Мәйіттер табылған жерді қарау қорытындылары мен құқық қорғау органдарының ресми тұжырымы әзірге жарияланған жоқ.