Автобус жолақысы қымбаттады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1549

Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, жолақысы енді 120 теңге болды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілген. Соған қарамастан жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсім автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана маңында екі жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Оқиға Қос...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ау...